Қарағанды облысы Еркіндік ауылындағы карантин ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысы Еркіндік ауылындағы карантин ұзартылды

Қарағанды облысы Еркіндік ауылындағы карантин ұзартылды

Түйнеме ауруы шыққан Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылындағы карантин мерзімі тағы бірнеше күнге ұзарды.  

  • 12 Шiлде 2016
  • 381
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық комитетінің облыстық инспекциясы хабарлады.

«Карантинді бүгін жабу жоспарланған еді. Залалсыздандырудан кейінгі топырақтың сынамасын тағы де тексеруді жөн көріп, карантинді шамамен үш күнге ұзарттық», — деді мекеме.

Ветеринариялық қызметтің ақпаратына сүйенсек, Еркіндік ауылындағы жағдай тұрақты.

Айта кетейік, Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында түйнеме ауруының туындағаны анықталған. Ауыл тұрғыны түйнемемен ауырған сиырды сойып, туыстары мен көршілеріне таратып бергені белгілі болды.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түйнеме ауруы күдігімен 11 адам жатқызылған. Зертханалық сараптама 8 науқасты растады. Екі науқас — 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам қайтыс болды.


Оқиғаға байланысты бірқатар шенеунік сөгіс алып, жұмысынан босатылды.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде аймақтағы жағдай бойынша жиналыс өткізді. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму министрліктеріне, Қарағанды облысы басшылығына бірқатар тапсырма берді. 

Соңғы жаңалықтар