Қарағанды облысында 2016 жылға дейін балалар үйлерінің 500-ден астам түлегі баспанамен қамтамасыз етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 2016 жылға дейін балалар үйлерінің 500-ден астам түлегі баспанамен қамтамасыз етіледі

Қарағанды облысында 2016 жылға дейін балалар үйлерінің 500-ден астам түлегі баспанамен қамтамасыз етіледі

Жұма күні Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

  • 30 Мамыр 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

Кездесуге 2013 жылы аймақ басшысының білім гранттарын иеленген 9-шы және 11-ші сынып түлектері қатысты. Сондай-ақ, кездесуге конференц- байланыс арқылы бірқатар аудандар мен қалалардағы балалар үйлерінің 7-10-шы сынып оқушылары да қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде 21-ғасырда дамыған мемлекет – азаматтары белсенді, білімді және денсаулығы мығым мемлекет деген болатын. Мемлекет басшысының Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізу жөніндегі жоспарын жүзеге асыруға, жастар, сендер атсалысасыңдар», — деді Б.Әбдішев кездесуде.

Сонымен қатар ол аймақта балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың сапалы білім алып, мамандық иесі атануына қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Атап айтсақ, өткен жылы тұңғыш рет облыс әкімі аймақтағы ЖОО мен колледждерде оқу үшін 50 білім грантын бекітті. Оған қоса, 19 түлек «Бөбек» қорының білім грантын иеленді.


Жастар бастамалары орталығы жанынан балалар үйлерінің түлектерін. әлеуметтік жағынан бейімдеу қызметі ашылды.

«Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған бағдарлама 325 баланы пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2016 жылға дейін тағы 510 түлек баспаналы болмақ», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жиында Б.Әбдішев биылы жетімдер үйлерінің тәрбиеленушілеріне тағы 50 білім грантын бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.