Қарағанды облысында 5 жасар бала тоққа түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 5 жасар бала тоққа түсіп қалды

Қарағанды облысында 5 жасар бала тоққа түсіп қалды

Ақсу-Аюлыдағы орталық саябақтағы балалар алаңында жүрген 5 жастағы бүлдіршін тоққа түсіп қалды.

  • 5 Қыркүйек 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Баланың сол қолы күйіп қалған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазір үйінде ата-анасының қарауында. Ал облыстық полиция бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Айта кетейік, Ақсу-Аюлы Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты кент. Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: — Балалар алаңында 5 жастағы балаға тоқ соққан. Салдарынан баланың сол жақ қолын электрлік күйік шалған. Дәрігерлер оған алғашқы медицицналық көмек көрсетіп, қазіргі уақытта ол ата-анасының қарауына жіберілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.