Жарияланды: 20

Қарағанды облысында 70 ағаш құлап, көліктер қираған

Қарағанды облысында 70 ағаш құлап, көліктер қираған

Облыс тұрғындарына көшеге және елді мекендерден тыс жерлерге шықпау ескертілді.

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты облыстық ТЖД өкілдері тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

""2023 жылғы 18 қарашада сағат 23:30-дағы жағдай бойынша Қарағанды облысының аумағында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшеюі салдарынан 8 әкімшілік ғимараттан, 1 көппәтерлі тұрғын үйден және 1 жеке тұрғын үйден шатырлардың бөліктері ұшып кетті", - деп хабарлады өңірлік құтқару маманы.

Сондай-ақ облыстың бірқатар аймағында электр энергиясы ішінара өшкен.

"Облыс орталығында ағаштар құлады деген 50 хабарлама және Теміртау қаласы бойынша 20 хабарлама түсті. Оның ішінде 4 жағдай ағаштардың көліктерге құлауы (3 жағдай Қарағанды қаласында, 1 жағдай Теміртау қаласында) бойынша тіркелді. 19 қарашада облыста қар, тұман және көктайғақ түрінде жауын-шашын күтіледі", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ТЖД облыстың барлық тұрғынына жел күшейген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және аса қажетсіз көшеге шықпауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертіп отыр.

Ауа райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыс шектеулерін, ТЖД ресми сайттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалау керектігі де ескертілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін