Жарияланды: 640

Қарағанды облысында "Абай" шахтасында қайтыс болған 30 кеншіні есте сақтау мақсатында аза ескерткіші ашылды

Абай. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қарағанды облысының Абай қаласынан бірнеше шақырым жердегі "Абай" шахтасында қайтыс болған 30 кеншіні есте сақтау мақсатында аза ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ескерткіш қасірет жұтқан ана бейнесінде кескінделген. Оның қасында бала бар. Олар үшбұрыш қара тастың үстінде облыстық маңызы бар көлік трассасына бет бұрған. Олардың ту сыртында жарылған шахтаның аузы бейнеленген. Осы жерде қайтыс болған барлық 30 кеншінің аты-жөндері жазылып, олардың суреттері ілінген. Ескерткіштің үлкендігі 2,8 метр, ені шамамен 2 метр. Оны қарағандылық суретші Игорь Баграмов пен мүсіншілер Амантай Бексұлтанов және Параз Кишкарев жасаған. Естеріңізге сала кетсек, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ тиесілі "Абай" шахтасында жарылыс 2008 жылдың 11 қаңтарында болған. Соның салдарынан 30 адам қайтыс болып, 14 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Жарылыс болған уақытта жер астында 191 адам болған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін