Қарағанды облысында автобус аударылды, зардап шеккендер бар
Қарағанды. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында автобус аударылды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 20 қарашада сағат 02.50-де Балхаш қаласынан 25 шақырым жерде болған. Балхаш - Астана тас жолында Шұбар түбек кентінің маңында 34 жастағы, Бішкекте тұратын, "Мерседес-Бенц" автобусының жүргізушісі көктайғақ және тұман салдарынан тізгінге ие бола алмай көлігін аударып алды.
Апат салдарынан 55 жастағы жолаушы әйел Балхаш қалалық орталық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші мен 17 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін