Қарағанды облысында балаларға арналған дәрі-дәрмектерге 105 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында балаларға арналған дәрі-дәрмектерге 105 млн теңге бөлінді

Қарағанды облысында балаларға арналған дәрі-дәрмектерге 105 млн теңге бөлінді

Қарағанды.15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылы Қарағанды облысында диспансерлік тіркеуде тұрған бір және бес жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 105 млн теңге бөлінді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментінің директор орынбасары Ерденбай Әбілқасымов хабарлады.

  • 15 Ақпан 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Е. Әбілқасымовтың сөздері бойыншаа, сонымен қатар 55 млн теңге бір жасқа дейінгі балаларды тамақпен қамтамасыз етуге бөлінді. Ол хабарлағанындай, бүгінгі күні дәрі-дәрмектер барлық облыс аудандарына жіберіліп, дәріханалардың жүйесіне бөлек дәрежелі препараттар 28 қаңтардан бастап түсе бастады.

«Балаларға арналған тегін 65 медициналық препараттың қазіргі күні бес түрі ғана жетіспей отыр. Алайда, фолий қышқылы дәріханаларға 19 ақпанда жеткізіледі, ал қалғандары наурыздың басында түсетін болады. Ал балалардың тамағын шығаратын зауыттың кепілдік хаты бойынша өнім наурыздың басынан бастап жеткізілу жоспарланған», — деп хабарлады Е. Әбілқасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті