Қарағанды облысында бруцеллез малдың еті саудаға шығып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында бруцеллез малдың еті саудаға шығып кеткен

Қарағанды облысында бруцеллез малдың еті саудаға шығып кеткен

Қарағанды облысында бруцеллезге шалдыққан малдың еті саудаға шығып кеткен. Шаруа қожалығының иесі қауіпті дерт жұқтырған төрт түліктің көзін жоюдың орнына қойлардың жартысын сойып, ал қалған бөлігін тірідей алыпсатарларға өткізіп жіберіпті. Қазір бұл  былыққа жергілікті ветеринарлық қызмет мамандарының  қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

  • 23 Маусым 2011
  • 551
Фото - Caravan.kz

Бүгінде ауру мал етінің дүкен мен базар сөрелеріне түскен-түспегені жіті тексеріліп жатыр. Қауіпті кесел  Көбетей ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде анықталған. Жеке иеліктегі  32 қой мен 49 ірі қара  бруцуллезге шалдығыпты. Эпидемиологиялық ахуал өршіп кетпес үшін төрт  түліктің көзін жою туралы шешім қабылданған. Алайда ірі қара өртелгенімен, ұсақ мал жойылмаған. Себебі:ауылдың ветеринарлары,неге екені белгісіз,мал иесіне қойларды сойып, ет комбинатына өткізуге рұқсат беріпті. Содан шаруа қожалығының иесі ауру қойлардың жартысын сойып, қалғанын тірідей 7 мың теңгеден сатып жіберген.


Нұрбек Құзбақов, Қарағанды облысы прокурорының аға көмекшісі
:

— Тексеріс нәтижесінде Көбетей селосының әкімі мен ветеринария бөлімінің бас маманы, сондай -ақ тағы бір маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Малдарды сатып алған адамдар  іздестірілуде. 

Соңғы жаңалықтар