Қарағанды облысында "Централ Азия Цемент" АҚ экологияға залал келтіргені үшін 14,5 млн теңге төледі
Қарағанды. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында "Централ Азия Цемент" АҚ экологияға залал келтіргені үшін 14 млн 444 мың теңге төледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Жандос Сыздықов хабарлады. |
"Централ Азия Цемент" АҚ қалдықтарды тазалайтын құралдардың үздіксіз және тиімді қызметін қамтамасыз етпеген, жоспарланған табиғат қорғау шараларын орындамаған. Сондай-ақ, кәсіпорын қоршаған ортаға қалдық шығару рұқсатының талаптарын орындамаған. Кәсіпорында дұрыс экологиялық қызмет болмаған және санитарлық-техникалық зертхананы жабдықтамаған", - деп хабарлады Ж. Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін