Қарағанды облысында екі далалық өрт шықты
Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында екі далалық өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Абай ауданы Ақбастау ауылдық округінде 20 тамызда сағат 13.05-те дала массиві өртенді. 3500 гектар аумақты шарпыған өрт 21 тамызда сағат 05.00-де шаруа қожалықтары мен жергілікті тұрғындардың ерікті өрт сөндіруші құрылымдарының күшімен сөндірілді.
Сондай-ақ, Абай ауданының Құлайғыр ауылдық округінде 20 тамызда сағат 12.00-де дала массиві өртенді. 3534 гектар аумақтағы өрт 21 тамызда сағат 09.20-да шаруа қожалықтары мен жергілікті тұрғындардың ерікті өрт сөндіруші құрылымдарының (42 адам мен 6 техника) күшімен сөндірілді. ҚР ТЖМ өрт сөндірушілері шақырылған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін