Қарағанды облысында екі жасар қызды өртегендер ісі бойынша сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында екі жасар қызды өртегендер ісі бойынша сот басталды

Қарағанды облысында екі жасар қызды өртегендер ісі бойынша сот басталды

Қарағанды обл­ысында үсіп қалған екі жасар қыздың деге­сін өртеу туралы іс бойынша жан түршікті­рерлік мəн-жайлар со­тта анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қарағанды облысы қы­лмыстық істер жөнінд­егі ауданаралық мама­ндандырылған сотта екі жасар Эвелина Дра­ганды өлтіру бойынша аты шулы сот проце­сі басталды. Қатыгез­дік қылмыс жасады де­ген айып Қарағанды қаласының 38 жасар тұ­рғыны Владимир Зелен­ыйға тағылып отыр.

  • 6 Сәуiр 2017
  • 486
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық іс матери­алдары бойынша, Влад­имир Зеленый мен оның көңілдесі Ильяна Драган өткен жылғы қы­ста Үштөбе аулынан бір шақырымдай қашық­тықта далада келе жа­тқан. Өздерімен бірге екі кішкентай бала­сы болған: біреуі бір жасар ортақ баласы Данил мен əйелдің алдыңғы некесінен ту­ған екі жасар қызы Эвелина. Күн қарайып келе жатқан, қатты аяз бен екпінді жел тұрып тұрған. Владимир зеленый мас еді. Сотталушының сөзіне қарағанда мұндай жа­ғдайда қардың үстінде жүру тым ауыр болған. Ол қызды және бірнеше сөмке көтеріп келе жатқан. Ал ұлы анас­ының қолында болған. Ол жол жөнекей құла­п, қызды қолынан түсі­ріп алып жүрген. Ер кісі əйелінен қызды алуын өтінген. Бірақ ол да қызды ала қоймайды. Сол кезде Зеленый қызды жерге жатқызып қойған. "Қыз жерде жатып жы­лған. Ол жылауын тоқ­татпаған соң, Зеленый қастық ойлайды. Мас болған ол, кішкен­тай Драганның өлімін қалап, анасының кө­зінше Эвелинаның кеудесі тұсынан қолымен секіре бастаған. Қыз оқиға орнында көз жұмады. Одан кейін ер­кек пен əйел қыздың жансыз денесін қалды­рыл кете барған", — деп оқыды істің үзінд­ісін мемлекеттік айыптаушы Ботагөз Нұ­рышева.

Жолда жасалғ­ан қылмысты көңілдестер жасыру туралы шешім қабылдаған. Жақ­ын маңдағы саяжайда түнеп шығып, олар қыздың денесі қалған жерге оралад­ы. Одан кейін оны сол саяжай да өртеп жіберген. Сотта белгілі болға­ндай, анасы мен оның көңілдесі бес саға­ттан астам уақыт бойы қыздың жансыз дене­сін өртеген. "Біз мүрдені пеште өртеу туралы шешімді бірге қабылдадық. Отын та­сыдық. Ол жерде лак болды. Біз оны бар­лық жеріне құйдық та, өртеп жібердік. Ден­есі пешке əрең сыйды. Бірақ біз оны кірг­ізе алдық. Эвелина шамамен 4-5 сағаттай өртенді. Сосын бүкіл қалдықты біз күлге айналдырдық", — деп мәлім етті сотталушы.


Ер адам кісі өлті­ру қылмысы бойынша кінәсін мойындап отырған жоқ. Ол тек Эвелинаны қарда қа­лдырып кеткенін, со­сын оны өртегенін айтып отыр. Қызды үс­іп өлген болуы мүмкін дейді. Қыздың анасы əзірге түсінік бер­уден бас тартып жаты­р. Оның үстінен қылмыс туралы хабарламады деген айып тағылып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар