Жарияланды: 380

Қарағанды облысында екі жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында екі жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Ақтоғай - Жарық тас жолының 328-шақырымында (Шет ауданы ) 12 тамызда сағат 06.00-де "Тойота" көлігінің жүргізушісі, 52 жастағы ҚХР азаматы көлігін аударып алды. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы, 64 жастағы ҚХР азаматы жарақаттан ауруханада көз жұмды; екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, Қарағанды - Теміртау тас жолында (Бұхар Жырау ауданы) бұрынғы жол полициясы басқармасының постысының жанында 12 тамызда сағат 17.00-де "Ауди", "Мазда" және "БМВ" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Ауди" жүргізушісі, 29 жастағы ер адам мен "Мазда" көлігінде отырған 23 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды; "Ауди" жолаушысы ауруханада қайтыс болды; "Мазда" жүргізушісі, 22 жастағы жігіт пен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть