Бұл – анда-санда бір жүретін рейд барысында ғана анықталған заңбұзушылық. Ал жол талғамайтын көлік мініп, мұздай қаруланған броконьерлер дала сұлуларына емін-еркін ауыз салып жүр. Бұл жолы полицейлер көлік ішінен сойылған 9 киікті тапты. Биыл қыста бетпақтағы киіктердің осы өңірге үйір-үйірімен ауып келуі табиғат қаскөйлері үшін оңай олжаға айналып отыр.