Яғни, олар 500-ден аса киіктің басынан қағып алынған. Мүйіздердің жалпы салмағы 80 келіден асып жығылады. Емге аса қажет бұлардың 1 жұбының өзі қара базарда 10 мың теңгеге дейін саудаланады екен. Ұсталған 26 жастағы азамат оларды қазір тауып алдым деп түлкібұлаңға салғанымен, тергеуге алынып жатыр. Жалпы, осы қыста арқа жеріне ауып келген киіктерге броконьерлер қырғидай тиіп жатыр. Өткен 1 айдың ішінде киіктерді үйірімен атып алып жүрген бірнеше топ қолға түсті.