Жарияланды: 420

Қарағанды облысында "Көкнәр" операциясы аясында 58 килодан астам есірткі тәркіленді

Қарағанды облысында "Көкнәр 2003" операциясы өткізіле бастағаннан бері 58 килодан астам есірткі тәркіленді , соның ішінде 0,5 кг героин бар ,- деп хабарлайды облыстық ІІБ баспасөз қызметі.

Осы мерзімде есірткіге қатысты барлығы 224 құқық бұзушылық оқиғасы тіркелді. Есірткі сақтау оқиғасы бойынша 97, сатуға байланысты 52 , жалпы алғанда 153 қылмыстық іс қозғалды. Есірткі тұтынушыларға арнап жынойнақ ашу дерегі бойынша бір қылмыстық іс қозғалды. Есірткі тектес өсімдіктер өсіру жөніндегі 4 факт әшкереленді. 15-мамырда басталған "Көкнәр" операциясы қазір одан әрі жалғасуда. 24-маусым, сейсенбіде күндізгі сағат екіде есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесін құрықтады. Тұтқыннан героиннің бес дозасы алынды. Қазір ол уақытша тергеу қапасында қамауда отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть