ТЖМ мәліметінше, 14 ақпанда Қызылжар ауылында Шұбаркөл кен орнының темір жол өткелінде 20 сағат 30 минутта №0526 тепловоздың (көмір тиелген 74 вагон) бес вагоны шойын жолдан шығып кетті. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бүгін таңертеңгі сағат 7 -дегі жағдаймен «4 вагон шойын жолға қойылды. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға қалпына келтіруші 1 поезд пен 22 адам жұмылдырылды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті