Қарағанды облысында марганец өндіру кезінде мамонттың азу тісі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында марганец өндіру кезінде мамонттың азу тісі табылды

Қарағанды облысында марганец өндіру кезінде мамонттың азу тісі табылды

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында марганец кен орнынан ересек мамонттың азу тісі табылды. Бұл туралы археолог-ғалымдар хабарлады.

  • 8 Желтоқсан 2014
  • 335
Фото - Caravan.kz

«Палеонтологиялық жәдігер Жаңаарқа ауданында марганец өндіру кезінде 6 метр тереңдіктен табылды. Тістің ұзындығы  екі метрден асады, диаметрі  — 50  см», — деді тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Варфоломеев.

Ол шамамен 3 миллионнан 15-20 мың жылға дейінгі аралықты қамтиды деп болжануда.


Археологтар бұл жерде қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.  Ғалымдар ежелгі адамдардың қонысы болуы да мүмкін деп санайды.