Қарағанды облысында медициналық десанттар жұмыс істей бастады
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Қарағандылық орталық пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы шалғайдағы елді мекендерде жұмыс істейтін медициналық десанттар құра бастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Алғашқы медициналық десант Ақтоғай ауданына түсірілді.
Фтизиатр, әйелдер дәрігері, хирург, ішкі аурулар дәрігері , көз дәрігері тәрізді 20 адамнан құралған десант бір апта бойы ауданның шалғай ауылдарында жұмыс істеді.
Кәсіби дәрігерлер ауыл тұрғындарының денсаулығын қарап, медициналық көмектер көрсетті, аурулардың алдын алу мақсатындағы ағарту шараларын ұйымдастырып, қажетті жағдайда жеңіл операциялар жасап, нұсқаулар берді.
10-шілдеде кезекті десант Жаңаарқа ауданына бет түземек. Ал Қарқаралы ауданы десанттың бұдан кейінгі ат басын тірейтін жері ретінде межеленді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін