Жарияланды: 530

Қарағанды облысында медициналық құралдар шығаратын зауыт іске қосылды

Қарағанды облысында бірреттік медициналық дайын өнімдер шығаратын зауыт іске қосылды, деп облыс әкімі Серік Ахметов мәлім етті.

Құны 58 млн теңгелік жоба жылына 24,7 млн дана өнім шығарады. «Шикізат пен қондырғы жеткізушілермен байланыс орнатылған. Осыны ескерсек, мұндай отандық өндіріс ошағын ашу тек Қарағанды облысының ғана емес, еліміздің өзге де аймақтарының сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді», - деді ол журналистерге. Әкімнің айтуынша, әлі күнге дейін бахила, маска мен халаттар Қытай, Ресей және Украинадан жеткізіледі. Аталған жоба жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша «Индустриаландыру картасына» енгізілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін