Қарағанды облысында оқушы қыз көпірден секіріп өлген - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында оқушы қыз көпірден секіріп өлген

Қарағанды облысында оқушы қыз көпірден секіріп өлген

Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданында Токаревка ауылында 14 жастағы оқушы қыз өзеннен секіріп мерт болды.

  • 12 Мамыр 2014
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін қыздың тәтесі Бәзила Ысқақова мәлімдегендей, жиен сіңлісі өлер алдында мектеп мұғалімімен сөйлескен.

«Мұғалім жиен сіңіліме жүгіруге тек ер балалар қатысатынын айтып, мерекелік жарысқа қатысуға тыйым салған. Кәмилә көңілі түсіп, бізге шағым айтып келді. Ол жарысқа дайындалып, таңертең жүгіріп, жаттығу жасап жүрді», — дейді Б.Ысқақова.

Оның айтуынша, мектеп оқушылары қыздың мұғаліммен мектеп ауласында дауласып тұрғанын көрген.

«Оқушылар ашуланған Кәмилә өлемін деп көпірге қарай жүгіріп кеткенін айтты. Мұғалім оның артынан жүгіріп, ұялы телефонына қоңырау шалған. Олар сегіз минуттай сөйлескен. Содан кейін Кәмилә секіріп кеткен», — дейді Б.Ысқақова.


Аудандық прокуратураның «ИФ-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеуінше, суицидке қатысты тексеру жүргізілуде.