Қарағанды облысында қазынаға қол салған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында қазынаға қол салған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

Қарағанды облысында қазынаға қол салған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

Қарағанды облысында Шет аудандық жұмыспен қамту орталығының экс-директорына

  • 25 Мамыр 2015
  • 466
Фото - Caravan.kz


бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 2 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Шет аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Шет аудандық сотында ҚР ҚК 176-бабы 2-бөлігі «а» тармағы, 176-бабы 3-бөлігі «б,г» тармақтарымен «Шет аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің бұрынғы директорына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 1 400 АЕК мөлшерінде, яғни 2,4 млн. теңге көлемінде айыппұл салып, 4 жыл мерзімге дейін мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды», делінген хабарламада.
Сот сотталушының зейнеткерлік жасқа келгенін ескергені аталып өтілді. Сонымен қатар, ол мемлекетке келтірген шығынның орнын толық өтеген. 
Іс материалдарына қарағанда, жұмыспен қамту орталығының басшысы қызметкерлерді тасымалдау үшін көлік қызметін көрсетуге жалған келісімшарт жасаған. 2011 жылдың шілдесінен 2013 жылдың желтоқсан айына дейін шамамен 2,5 млн. теңге бюджет қаражаты жымқырылған. 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.