«Оқиға ҚР ҚК 24-бабы 99-бөлігі бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне енгізілді. Баланың анасын анықтау, ұстау бойынша шаралар қабылданды. Тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінде.
Нәресте табылғаны туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.
«Кеше Жезқазған мен Сәтпаев қаласы арасындағы Подхозда контейнерден жаңа туылған нәресте табылды. «Өтіп бара жатып, мысықтың мияулағаны естілгендей болды. Айналамызға қарай бастадық. Тәтем контейнердің ішін қарады, ол пакеттің қозғалып жатқанын байқаған. Шығарып алып, ашсақ, аузын дәретхана қағазымен қымтап тастаған баланы көрдік. Қағазды ала сала, бала шырылдап жылай жөнелді. Ол өзінің кеудешесін шешіп, баланы орап, емханаға жеткізді», — деп жазды өз парақшасында Людмила Экзархова.