Қарағанды облысында сегіз көлік соқтығысып, автобус аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында сегіз көлік соқтығысып, автобус аударылды

Қарағанды облысында сегіз көлік соқтығысып, автобус аударылды

5 қаңтар күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды мен Теміртау қалалары арасындағы жолда ауа райының қолайсыздығынан сегіз автокөлік соқтығысты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

  • 16 Қаңтар 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар қатты жел мен көктайғақ салдарынан екі автобус жолдың жиегіне құлап кеткен. 

Қарағанды облысында 15 қаңтар күні қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауды. Барлық бағыт бойынша жол жабылды.

Қарағанды-Теміртау тас жолында соқтығысқан көліктердің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Сонымен қатар жол жиегіне құлап кеткен автобустардың видеосы да жүр.


Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, автобустар көктайғақ пен жел салдарынан аударылып қалған. 

Соңғы жаңалықтар