Жарияланды: 440

Қарағанды облысында шахтаның шатыры құлауы салдарынан жұмысшы қаза тапты

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында шахтаның шатыры құлауы салдарынан жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 6 қыркүйекте 7 сағат 18 минутта "Батыр" ЖШС шахтасының 6 горизонтында К12-3 желдеткіш штрекінің қазба бөлімінде күтпеген жерден шатыр опырылды. "Соның салдарынан тау-кен жұмыстары машинасының машинисі үйіндінің астында қалды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін