Қарағанды облысында сүңгуірлер мас ерлі-зайыптыны баласымен қоса құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында сүңгуірлер мас ерлі-зайыптыны баласымен қоса құтқарды

Қарағанды облысында сүңгуірлер мас ерлі-зайыптыны баласымен қоса құтқарды

Қарағанды облысы Абай ауданында Топар кенті судан құтқару стансасының қызметкерлері Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауынан ұзап кеткен 3 адамды құтқарды.

  • 24 Маусым 2015
  • 393
Фото - Caravan.kz

Жанында үш жасар баласы бар ерлі-зайыптылар мас күйінде үрмелі матраспен жағалаудан 300 метрге алыстап кеткен әрі суда шекті белгіден асып, қауіпсіздік ережесін бұзған, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Адамдарды құтқаруға екі құтқарушы-сүңгуір мен «Обь-3» қайығы жұмылдырылды.