Бір қуанарлығы, тұрғындарға «тасқын болуы мүмкін» деген қауіп алдын-ала хабарланған. Сондықтан жұрт малын айдап далаға қашып үлгеріпті. Бірақ ағысы күшті селмен бірге келген мынадай алып сеңдер алақандай ауылдың астан-кестеңін шығарған. Қатты соққыдан Қарағайлы ауылындағы 6 үйдің күл-талқаны шығып, қабырғалыры қақырап, іргелері сөгіліп кетіпті. 50-ден астамын су шайып, Николаев ауылында да 20 шақты үйге су кірген. Қазір жалпы саны 300 ге тарта тұрғынға аудан орталығынан уақытша баспана бөлінген. Ал үйі қирағандар не істерін білмей зар илеп отыр.
Бұлбұл Арқалық, Қарағайлы ауылының тұрғыны:
-Мынау үйді қарызға алып жөндеп алғанбыз, бұдан да жаман болатын. Бірақ екеуміз барлық еңбегімізді салып жасап едік. Сонымен кешегі екі күнгі селге апатқа ұшырап қатты күйзеліске түсіп отырмыз. Екі баламыз бар бұл үйде тұру мүмкін емес.