Қарағанды облысында төрт баланың ата-анасын бауыздап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында төрт баланың ата-анасын бауыздап кетті

Қарағанды облысында төрт баланың ата-анасын бауыздап кетті

Ер адам мен әйел адамның денесі Балқаш станциясындағы үйлердің бірінен табылған, әлеуметтік желіде күдіктінің суреті жарияланды.

  • 31 Қазан 2018
  • 66
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысында Балқаш станциясында депо басшысы мен оның әйелін өлтіріп кеткен. Ерлі-зайыптының төрт баласы бар.

34 жастағы әйел мен 45 жастағы ер адамды бауыздап кетіпті, мәйіттері үйлердің бірінен табылған. Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтады. Қазір іздеу шаралары атқарылып жатыр. Қылмыс "Екі немесе одан да көп тұлғаны өлтіру" бабы бойынша тергелуде.

Кеше Instagram желісіндегі Go_balkhash тобында кісі өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды  — 1991 жылы туған ер адам сол станциядағы үйлердің бірінде тұрған көрінеді.