«Қазгидрометтің» 1 сәуірдегі мәліметтеріне қарағанда, Үлкен Құндызды өзеніндегі су белгіленген мөлшерден 96 см. көтерілген. Ал Нұра өзеніндегі су Шешенқара кенті және Балықты теміржол стансасы маңында қауіпті деңгейге жеткен»,-делінген хабарламада.
Осы жағдайға байланысты ТЖД тұрғындарға ескертті. «Заттарды жинап, азық-түлік,ауыз суды қамтып, газ және электр желілерін ажырату және көшуге дайын отыру қажет»,- делінген хабарламада.