Қарағанды облысында жас жігіт жаппай соққыдан кейін өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жас жігіт жаппай соққыдан кейін өз-өзіне қол жұмсады

Қарағанды облысында жас жігіт жаппай соққыдан кейін өз-өзіне қол жұмсады

Қарағанды облысының Абай қаласында 20 жастағы Әлішер бір топ жігіттер ұрғаннан кейін өзін-өзі өлтірді.

  • 14 Қыркүйек 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

«Патриот» телеграм каналының хабарлауынша, марқұмның  туыстары болған оқиға жайлы баяндап берген. Жас жігіт 11 қыркүйек күні кешке достарымен серуендеп, басқа жігіттермен сөзге келіп қалды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

— Олар Әлішерді қуып жетіп, жабылып аяусыз соққыға жықты. Ал Әлішердің достары қорқып, оны тастап, қашып кетті. Үйге келгенде, болған жағдайдан кейін шыдай алмай және өзін-өзі өлтірді. Біз полицияға жүгіндік. Бұл жауыздардың жазаланғанын қалаймыз. Сол кеште марқұммен бірге болған жігіттер оны қалай ұрып-соғып, мазақ еткенін айтты. Бірақ олар кейін айтқандарынан бас тартады. Бұл шағын қалалардың шындығы, — дейді туыстары. 

«Сол күні аталған жайт бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді . Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде», —  деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар