Жарияланды: 30

Қарағанды облысында жоғалған адамның көлігі табылды

Қарағанды облысында жоғалған адамның көлігі табылды

5 қыркүйекте Доскей ауылының 36 жасар тұрғыны Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне күйеуінің жоғалғаны туралы арыз жазды. Жолдасы Өмірсерік Әлімқұлов 8:30 шамасында Мерседес-230 автокөлігімен Нұра ауданына қарай Шұбаркөл ауылына вахтаға шыққан болатын. Бірақ жолға шыққан сәттен бері  одан хабар үзілген. 

Аталған дерек Жаңаарқа ауданының полиция бөлімшесіне тіркеліп, іздестіру шаралары басталған болатын.

Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің айтуы бойынша,12 қыркүйекте Қаражал қаласы және Жаңаарқа ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалып кеткен адамды іздестіру шараларын Шалғы ауылынан Жаманайбат кенішіне дейінгі жерлерде жүргізді. Іздеу барысына бес мототехника және үш жол талғамайтын көлік тартылды. Шалғы ауылынан 50 шақырым жерде полиция қызметкерлері жоғалған адамның Мерседес – 230 автокөлігін тапты. Іздеу шаралары кинологтар, еріктілер топтары және полиция департаментінің бүкіл гарнизоны қосылып жалғасуда. ҚР ТЖМ Ми-8 тікұшағы іздеу ауданына ұшып барады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін