Қарағанды облысында жоғары кернеулі электр желісі үзілді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жоғары кернеулі  электр желісі  үзілді

Қарағанды облысында жоғары кернеулі электр желісі үзілді

Қарағанды облысында қатты жел мен нөсер жауынның салдарынан темір-бетон бағандары құлап, 500 кВт «Ағадыр-Жезқазған» жоғары кернеулі электр желісі үзілді,

  • 27 Маусым 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады «KEGOC» компаниясының баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиға сенбі, 25 маусым күні Астана уақыты бойынша 16.44-те орын алды. Нәтижесінде Жезқазған энерго-торабының тұтынымы автоматикалық жүйенің көмегімен 60 МВт-қа дейін шектелді.

«KEGOC»-тың Ұлттық диспетчерлік орталығының қызметкерлері жедел әрекет етіп 220 кВт екі жоғары кернеулі желіні іске қосқаннан кейін, электр торабы 6 минуттан кейін толық көлемде жұмыс істей бастады.

Апат болған учаскеде қазір Ақмола, Солтүстік, Алматы және Оңтүстік магистральдық электр желілерінің күшімен желіні қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде Жезқазған энерго-торабының тұтынушылары электр қуатымен сенімді қамтамасыз етілуде.

Соңғы жаңалықтар