Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2006
  • 351
Фото - Caravan.kz

Апат Шет ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының 971-шақырымында 3-шілдеде болған. Мекеме ақпаратына сәйкес, “Тойота” автокөлігінің жүргізушісі “МАН” автокөлігімен соқтығысып қалған. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның көлігінде отырған 24-27 жас аралығындағы үш жолаушы жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.