Жарияланды: 470

Қарағанды облысында жолдағы апаттан бес адам қаза тапты, тағы екеуі жараланды

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында жолдағы апаттан бес адам қаза тапты, тағы екеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданында Алматы - Екатеринбург тас жолының 1074 шақырымында 11 қыркүйекте "Опель" және "ВАЗ" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "ВАЗ" көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның көлігінде отырған 30, 38 және 67 жастағы әйелдер мен 15 жастағы бозбала оқиға орнында жан тапсырды; "Опель"көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть