18 қазан күні 19 сағатта Балхаш қаласы мен Балхаш станциясы арасында «Мазда» және «Мицубиси» автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жол-көлік апатынан «Мазда» авто көлігінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болып, оның екі жолаушысы, сондай-ақ «Мицубиси» көлігінің жолаушылары әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік апатының салдарынан өрт шығып, оны сөндіруге 3 адам мен 1 техника қатысты , деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті