Жарияланды: 510

Қарағанды облысында жыл басынан бері ВИЧ жұқтырған 35 әйел тіркелді

Қарағанды облысында жыл басынан бері ВИЧ жұқтырған 35 әйел тіркелді,- деп хабарлайды облыстық СПИД орталығынан.

Орталық мамандарының қорытындылауынша, бұл - облыс бойынша тіркелген ең қорқынышты көрсеткіш болмақ. СПИД орталығының жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігері Любовь Сердюктің айтуынша, әйелдер арасында ВИЧ індетін айқындау мөлшері жыл сайын арта түсуде. 1990-жылдан бері ВИЧ жұқтырған барлығы 356 әйел тіркелген, бұл індет жұқтырғандардың жалпы санының 27,5 процентін иемденеді. Қазір СПИД орталағында аяғы ауыр әйелдер арасындағы ВИЧ жұқтырғандарды айқындау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған орай әйелдердің тікелей өз келісімі бойынша 470 жүкті әйел бақылау тобына қамтылып, олардың денсаулық ахуалына анонимді тексерулер жүргізілуде. Олардың жынықтық жолмен жұғатын барлық аурулар түріне, СПИД пен гепатиттің С түріне шалдығу мүмкіндігі тексерілу үстінде. Бағдарламаның басты мақсаты - кездейсоқ іріктеу тәсілімен жүкті әйелдердің арасындағы жұқпалы аурулар көрсеткішін анықтау болмақ. Зерттеулер үш айға созылады деп межеленген. СПИД орталығының мамандары бұл зерттеулердің жалпы қорытындысын жария етпекші. Жалпы алғанда, Қарағанды облысында екіқабат әйелдердің арасында ВИЧ жұқтырған 101 әйел тіркеліп, олардың 67-сі балалы болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін