Жарияланды: 400

Қарағанды облысындағы бір шахтада оқыс оқиғадан кенші қаза тапты

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысындағы бір шахтада оқыс оқиғаның салдарынан кенші қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 қарашада сағат 13.00-де Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында оқыс оқиға болды. №3 2Л100У ленталық конвейеріне қызмет көрсету барысында кенші барабанға тартылып кетті. Жарақат салдарынан 42 жастағы еркек оқиға орнында қаза тапты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін