Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылында тасқын салдарынан 500 бас мал қырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылында тасқын салдарынан 500 бас мал қырылды

Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылында тасқын салдарынан 500 бас мал қырылды

Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылында дүйсенбіге қараған түні болған апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 731
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір су басқан үйлердің жертөлелері мен ұраларындағы суды сорып алу, аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі сәтте 102 үй тасқын судан тазартылып, 40 үйдің ауласы реттелді.

Ветеринарлар жасағы қырылған малды Петров ауылындағы биотермиялық шұңқырға жеткізді. Соңғы деректерге сүйенсек, апат салдарын 485 бас мал қырылған.

Қазір арнайы комиссия келтірілген шығынды есептеп жатыр. «Оған қалпына келтіруге жарамайтын үйлер, жөнделетін үйлер, тұрмыстық техника, жиһаз және тағы да басқа тұрмыстық бұйымдар кіреді», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайдың салдарынан жоюға 926 адам, 146 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, көкпектіліктерге 200 волонтер қол ұшын беріп жатыр.

«ҚР Қызыл жарты ай қоғамының» Қарағанды облыстық филиалы зардап шеккен тұрғындарға көрпе-төсек, етік пен басқа да күнделікті қажетті заттар жеткізіп берді. Сондай-ақ, балалар үйлерінің, мектептер мен колледждердің мұғалімдері де көмектерін аянып жатқан жоқ.


Дүйсенбіге қараған түні Көкпекті су қоймасындағы су бөгетті бұзып, 350 үйді су басқан болатын. Салдарынан бес адам қаза тауып, тағы алты адам ауруханаға жеткізілді.