Жарияланды: 480

Қарағанды облысындағы қатаң тәртіпті абақтылардың бірінде ашық есік күні жарияланды

Қарағанды облысының Долинка ауылындағы қатаң тәртіпті 41-ші колонияда

(АК 159/7) өткен сенбіде ашық есік күні жарияланды деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Сотталғандардың туыс-туғандары бұл күні абақты аумағымен еркін жүріп-тұрып, ондағы ахуалмен кеңінен танысу құқығына ие болды. Соның нәтижесінде 300-ден астам тұтқын өз жақындарымен қауышты. Бұл - ҚР қылмыстық атқару жүйесінде соңғы 10 жылда алғаш рет өткізіліп отырған шара. Абақтының бастығы, әділет полковнигі Қабдырахман Шотаевтың айтуынша, бұдан былай мұндай шаралар жыл сайынғы дәстүрге айналады. "Сотталғандар осында қамалғаннан кейін осымен өмір бітті деп түңілмеуі үшін осындай шара өткізіп отырмыз. Олар үшін туыс-туғандарының қолдау-демеушілігі айрықша маңызды. Сотталғандар өздерін отбасында күтіп отырғанын сезінуі тиіс. Ал отбасы мүшелері сотталғандардың абақтыда қалай күн кешіп жатқанынан хабардар болуы қажет",- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть