Қарағанды облысының әкімі экстремизмнің алдын алу шараларын қолға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі экстремизмнің алдын алу шараларын қолға алды

Қарағанды облысының әкімі экстремизмнің алдын алу шараларын қолға алды

 Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков экстремизмнің алдын алу шаралары мәселесін талқылау үшін аймақ имамдарымен және құқық қорғау органдарымен ай сайын кездесу өткізіп тұрмақ.

  • 8 Желтоқсан 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz


«Діни экстремизмді профлиактикалау және исламның дәстүрлі емес ағындарына қарсы тұру Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселесінде ерекше маңызға ие. Профилактиканы арагідік қана емес, күн сайын жүргізу керек», — деп әкім Қарағанды және Жезқазған аймақтарының имамдарымен және басқа да дін өкілдерімен кездесуде атап көрсетті.
«Келешекте мұндай кездесулерді біз жиі, ай сайын өткізіп тұрамыз. Діни экстремизмге қарсы күресте маңызды жұмыс жүргізілуі тиіс. Ынтымақтастығымыздың мұнда рөлі зор. Құқық қорғау органдары да бірлескен жұмысымызға қатысады», — дейді Н.Әбдібеков.
Әкімнің имамдармен кездесуі барысында ұлтаралық келісім, мұсылман дін өкілдерінің әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешу, діни бағыттағы ғимараттарды күтіп ұстау және жөндеуден өткізу мәселелері талқыланды.