Қарағанды облысының әкімі Назарбаевтыкіне ұқсас костюм сатып алды
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамет Әбдібеков те отандық өнімге ден қойыпты. Ол да президенттен кейін іле-шала елімізде жасалған костюм киіп алды. |
Отандық костюмнің аты болмаса заты Италияныкі. Күз- қыс маусымына арналған маталар сол елден жеткізіледі екен. Бірақ моделі жаңа. Оны отандық тігіншілердің өздері ойлап тауыпты. Фабрика өкілдері әкелген костюм әкімге құя салғандай шақ келді. Олар шенеуніктің дене бітімінің өлшемін де алмаған едік деп, түйеден түскендей аңтарыла қалды. Тігіншілер еліміздегі шенеуніктің бәріне отандық костюмдер кигізу жоспарда барын жеткізді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін