Жарияланды: 440

Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан шахтерлардың отбасына көңіл айтты

Қарағанды облысының әкімі Камалтин Мұхамеджанов "Казахстанская" шахтасында қаза тапқан шахтерлардың отбасына көңіл айтты,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-шілдеде таңертеңгі сағат 6-да "Испат-Кармет" ААҚ-ның көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасында болған апат салдарынан 20 жастағы Алексей Мельников пен 30 жастағы Серік Әбуев қаза тапқан болатын. Осыған байланысты оқиғаның себеп-салдарын анықтауға арналған комиссия құрылды. Төтенше жағдай болған жерде құлаған арканың бекіністері қалпына келтіріліп, опырылған тау жыныстары тазартылуда. Төтенше жағдайдың залал-зардабын жою жұмыстарын апаттан құтқару жөніндегі "Көмір" жауынгерлік бөлімінің әскерилері мен "Казахстанская" шахтасының құтқарушылары атқаруда. К.Мұхамеджанов "Испат-Кармет" ААҚ көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презентке қаза тапқандардың отбасына қолұшын беру жөнінде өтініш жасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін