Қарағанды облысының экс-әкімі Әбдішев бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының экс-әкімі Әбдішев бостандыққа шықты

Қарағанды облысының экс-әкімі Әбдішев бостандыққа шықты

Бостандыққа шыққан Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев өтеуге тиіс қалған уақытын тұрғылықты жері бойынша Астана қаласында өткізбек.

  • 6 Маусым 2016
  • 417
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Коррупция бабы бойынша сотталған Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бүгін таңертең бостандыққа шықты. Қалған уақытыy ол тұрғылықты мекен-жайы бойынша Астана қаласында өткізеді”, – деді оның адвокаты Нұрлан Бекбергенов.

2015 жылы желтоқсан айында коррупция бабы бойынша бес жылға сотталған Бауыржан Әбдішевті босату туралы шешімді Қазыбек би аудандық соты 2016 жылдың 19 мамырында қабылдады.


Экс-әкім 2015 жылы желтоқсан айында бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовпен бірге сотталған еді. Ол қызметін асыра пайдалану, кәсіпорындар жұмысына кедергі келтіру және кәсіпке заңсыз араласу айыптары бойынша сотталған еді.