Қарағанды облысының екі ауылында мал қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының екі ауылында мал қырылып жатыр

Қарағанды облысының екі ауылында мал қырылып жатыр

Қарағанды облысының екі кентінде жаппай мал қырылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Нұра ауданы Мыңбаев атында

  • 6 Маусым 2017
  • 337
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысының екі кентінде жаппай мал қырылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Нұра ауданы Мыңбаев атындағы және Заречный ауылдарында біраз мал арам өліп, тағы біршамасы індетке шалдыққан.

«Мыңбаев атындағы ауылда 21 бас мал, соның ішінде жеті бұзау індетке шалдыққан. Алдын ала дерек бойынша, жануарлар пастереллезбен ауырған. Көрші Заречный ауылындағы сиырлардан осы аурудың белгілері табылды, алайда малдың қырылу оқиғасы тіркелген жоқ. Нұра ауданындағы екі ауылда барлығы 52 бас ірі қара малдан аурудың белгілері байқалды», — деді Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов.

Оның ресми диагнозы әзірге анықталған жоқ. Аудан әкімінің айтуынша, екі басты міндет — малдың індетін тоқтатып, аурудың қайдан жұққанын анықтау. 


Соңғы жаңалықтар