Қарағанды облысының Көкпекті ауылындағы ТЖ бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының Көкпекті ауылындағы ТЖ бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысының Көкпекті ауылындағы ТЖ бойынша қылмыстық іс қозғалды

Көкпекті ауылындағы адамдар құрбан болған төтенше жағдай бойынша облыс прокурорының нұсқауы бойынша бөгеттің меншік иелері мен шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

  • 5 Сәуiр 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Екі қылмыстық іс қозғалды. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «Шаңырақ» Агрофирмасы» ЖШС және «Табиғат ХХІ» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты  ҚР ҚК 232-бабы бойынша іс қозғалды», — деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, әзірге ешкімге айып тағылған жоқ.


Осыған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысының Көкпекті ауылындағы су қоймасы бөгетінің шайылып кетуіне байланысты 31 наурыз күні  түнде 300-ден астам үй су астында қалды. ТЖ салдарынан 5 адам қаза болды. 125 адам құтқарылды. ТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.