Жарияланды: 440

Қарағанды облысының үш саңлақ ұстазы Елбасымен кездесуге қатысады

Қарағанды облысының үш саңлақ ұстазы Елбасымен кездесуге қатысады,- деп хабарлайды облыстық білім беру департаментінен.

Бүгін, мұғалімдер күні қарсаңында осы саланың үш таңдаулы өкілі мемлекет басшысымен кездесуге қатысу үшін Астанаға аттанып кетті. Саңлақтардың қатарында тәлімгерлері олимпиада жүлдесін жиі жеңіп алуға байланысты "Олимпке бастаушы" деген құрметті белгіге ие болған Балхаштық химия пәнінің мұғалімі Елена Львова, Қарағандыдағы №5 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мағрипа Хасенова, Қарағандыдағы балабақшалардың бірінің жаңашыл тәрбиешісі Жұмабике Досмағамбетовалар бар. Мереке қарсаңында облыста үздік ауыл мұғалімін сыналтуға байқау қорытындысы шығарылды. Байқаудың бас жүлдесіне Бұхар жырау ауданындағы Үштөбе ауылдық мектебінің қолданбалы экономика пәнінің мұғалімі Айгүл Мәнкенова ие болды. Қарағанды облысындағы мектептерде 25 мың мұғалімдер мен педагогика мамандары жұмыс істейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін