Қарағанды прокуратурасы балалардың мектепте уланып қалу оқиғасына байланысты тексеру жүргізуде
Қарағанды. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды қаласының Октябрь аудандық прокуратурасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі №25 орта мектепте 11 баланың уланып қалу оқиғасына байланысты тексеру жүргізуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз хатшысына сілтеме жасап. |
"Қарағанды қаласының №25 орта мектебінің 4 сыныбының 11 оқушысы бұқтырылған құс етін жеген соң ауырып қалған. Олардың тамақтан улану белгісі айқын білінген. Дәрігерлер өткір ішек ауруы деген алдын-ала диагноз қойды, бірақ балалар ауруханаға жатқызылған жоқ", - деді Н. Күзбақов.
Қазір тексеру жүргізілуде, соның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін