Қарағанды шаһарының картасы 3D үлгісінде жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды шаһарының картасы 3D үлгісінде жасалады

Қарағанды шаһарының картасы 3D үлгісінде жасалады

 Қарағанды шаһарының картасы 3D үлгісінде жасалады, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

  • 15 Желтоқсан 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz


Қала құрылысының кадастр орталығы қолға алған игі іс желтоқсан айында аяқталып, көпшілік назарына ұсынылмақ.  Мамандардың айтуынша, бүгінде кеншілер астанасында 185 мыңдай нысан бар. Сол ғимараттардың 2 мың есеге кішірейтілген көшірмесі арнайы принтерде құйылып, картаға желімделмек. Нысанның көлемі әрі қандай құрылыс материалынан салынғаны толық ескерілген.  Мамыр айында басталған жұмыс аяқталуға жақын. 

Картаның ұзындығы — 17, ал ені 11 метр болады. Алып картаны алдағы уақытта сәулетшілер мен қаланың бас жоспарын жасайтын мамандар пайдаланады. Әрі жергілікті тұрғындардың да тамашалауына мүмкіндік туып отыр.