Жарияланды: 560

"Қарағанды Су" қарызын жабу үшін Қ. Сәтбаев атындағы каналға Қарағанды облысының бюджетінен 265 млн теңге бөлінеді

Қарағанды. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қарағанды Су" ЖШС қарызын жабу үшін Қарағанды облысының бюджетінен "Қ. Сәтбаев атындағы канал" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына 265 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы кеше облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сәтбаев атындағы каналға бюджеттен көмек көрсетіледі. Бұл бірнеше күннің мәселесі", - деді Е. Исекешев. Оның айтуынша, бұл қадам арқылы облыс басшылығы дағдарысты жағдайда көмек қолын созып отыр. Олай болмаған жағдайда, қарыз қайтарылмаса, канал суды Қарағанды мен Астанаға жіберуді тоқтатады. Биылғы жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша "Қарағанды Су" ЖШС Сәтбаев атындағы канал республикалық мемлекеттік кәсіпорыны алдындағы қарызы 541,8 млн теңгені құрайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін