Қарағанды ЖОО қызметкеріне қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды ЖОО қызметкеріне қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды ЖОО қызметкеріне қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабы 2 бөлімі "б" пунктінің (алаяқтық) 9 эпизоды бойынша Қарағандының "Болашақ" жоғарғы оқу орнының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығының орынбасары Ерлан Әбішев хабарлады.

  • 29 Қараша 2007
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Биыл 23-шілдеден бастап 48 жасар әйел білім беру сапасын, тәжірибе және кәсіби бағыт-бағдар жұмысын мониторингтан өткізу бөлімінің бастығы болып жұмыс істей жүріп өзге жоғары оқу орындарынан ауысқан студенттердің құжаттарын қабылдаған. Ол студенттерге оқудың жылдық төлемінің 25 пайызын тікелей өзіне төлеп тұру қажет екендігін айтқан», — деді Е. Әбішев.

Тергеу барысында оның алаяқтық іс-әрекеттеріне тап болған студенттердің барлығы бірдей полицияға шағымданбағаны мәлім болды. Өйткені, көптеген студенттер өзге елді мекендерде тұрады. Әзірге тергеушілерге әйелдің әр студенттен 15 мың теңгеден алған 18 оқиғасы белгілі.

«Әйел тергеу барысында студентерден алған ақшаны несиесін өтеу үшін жұмсағанын айтқан. Ол әйелде кішкентай сәбиі болуы себепті оған қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған», — деді Е. Әбішев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті