Жарияланды: 470

Қарағандыда 1,5 жасар сәби отарбаның астына түсіп кетті

Қарағанды Новая -Майқұдық өткелегінде 1,5 жасар сәби отарбаның астына түсіп кетті,- деп хабарлады Қарағанды жедел жәрдем қызметінен KZ-today тілшісіне.

Қайғылы оқиға 8-шілдеде кешкі сағат 10 шамасында Қарағанды қаласының іргесінде болды. Бала темір жолға таяу жерде көлігін жөндеп жатқан әкесінің жанында тұрса керек. Алайда жүк таситын электр отарба таяп келген сәтте әкесі баланың жоқ екенін байқайды. Сөйтсе, бала күтпеген жерден темір жолдың үстіне шыға келген. Баланы байқап қалған поезд жүргізушісі көлік тежегішін жан таласа басқанымен ешбір қайыр болмады. Өйткені, электр отарбаның тежегішті басқаннан кейінгі жол ұзындығы 400 метрден астам болғандықтан көлікті дер кезінде тоқтату мүмкін болмаған. Бала жедел жәрдем қызметкерлері келмей тұрып қаза тапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть